Сайтқа қайту

Әлеуетті кәсіпкерлерді сұрастыру

Русский
  
  




Құрметті Сұхбаткер,

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы “Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту” зерттеуі шеңберінде сауалнама жүргізеді. Сауалнаманың мақсаты қазіргі кәсіпкерлік ортаны және кәсіпкерлердің бизнес жүргізу жағдайларымен қанағаттану дәрежесін бағалау болып табылады.

Сауалнама жүргізудің нәтижесінде алынған ақпарат Үкіметке аймақтың бизнес ортасын жақсартуға қатысты ұсыныс әзірлеу үшін қолданылады. Қойылған сұрақтарға объективті және толығырақ жауап берілген жағдайда біз еліміздің әрбір аймағында бизнес жүргізу жағдайларын бірлесіп жақсарту мүмкіндігіне ие боламыз.

Сіздің пікіріңіз өз аймағыңыздың бизнес ортасы туралы анық ақпарат алу үшін өте маңызды болып табылады. Сауалнама шеңберінде алынған барлық мәліметтер аса құпиялы болып табылады және жариялануға жатпайды. Сондықтан Сізден барлық сұрақтарға жауап беруіңізді және өз көзқарасыңызды білдіруіңізді өтінеміз. Сауалнаманы толтыру үшін Сіздің 10 минуттан аспайтын уақытыңыз ғана жұмсалады.

Бізбен ынтымақтасқаныңыз және көрсеткен көмегіңіз үшін алғысымызды білдіреміз!

 
Жалпы мәліметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты
Жасы (мысалы: "25") толық жыл
Жыныс*
Білім*




Аймақ*
E-mail
1. Бизнесті бастау туралы шешіміңіздің басты себебі? (бірнеше жауап нұсқаларын белгілеуге болады)





2. Бизнесті бастау үшін бастапқы капитал ретінде Сіз қандай қаражат көздерін қолдануды мүмкін деп санайсыз? (бірнеше жауап нұсқаларын белгілеуге болады)





3. Банк несиелері Сіз үшін қаншалықты қолжетімді? (берген бағаңызға сәйкес белгі қоюыңызды өтінеміз)



4. Төмендегі пайымдаулармен келісесіз бе?


5. Бизнесті бастау үшін төмендегі жағдайлардың қаншалықты маңызды екендігін көрсетіңіз (төмендегі әрбір критерий үшін маңыздылық деңгейін белгілеуіңізді өтінеміз)
5.1. Инфрақұрылым (көліктер, қоймалар, сауда үй-жайларымен қамтамасыз етілуі, жылжымайтын мүліктің болуы, коммуналдық қызметтердің бағасы, инфрақұрылымға қосылу)


5.2. Қаржы қорларының бар болуы немесе олардың қолжетімділігі


5.3. Мемлекеттік сатып алулардың қолжетімділігі


5.4. Әкімшілік кедергілер (кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу кезінде мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың себебінен туындайтын кедергілер: бизнесті тіркеу, лицензиялау, сертификаттау, стандарттау, құжат түрінде рәсімдеу, кедендік, салықтық басқару және т.б.)


5.5. Білікті мамандардың болуы


5.6. Минералдық-шикізаттық ресурстарының және жердің қолжетімділігі


5.7. Өткізу нарықтарының болуы


6. Сіздің аймағыңызда бизнесті бастау және жүргізу үшін инфрақұрылым қаншалықты дамыған? (төмендегі әрбір критерий үшін даму деңгейін белгілеңіз)
6.1. Көліктік инфрақұрылым, көрші аймақтармен, елдермен байланыстыратын жолдар


6.2. Қойма үй-жайлары, логистикалық орталықтар


6.3. Сауда және кеңсе үй-жайлары


6.4. ТКШ қызметтері (орталықтандырылған сумен жабдықтау, кәріз, электр-, жылу, энергия жүйесіне қол жетімділік, қосылу және қызметтер бағасы)


7. Жер телімін сатып алу немесе жалға алу кезінде қандай қиындықтар туындауы мүмкін деп ойлайсыз? (бірнеше жауап нұсқаларын белгілеуге болады)



8. Кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге қатысты қолданылып жүрген мемлекеттік бағдарламаларға қандай сипаттама берер едіңіз?
8.1. Берілетін ақпарат жеткілікті дәрежеде толық емес

8.2. Бағдарламаларға қатысуға өтінім беру үшін тым көп құжат талап етіледі

8.3. Бағдарламаға қатысуға өтінім беру рәсімдері күрделі

8.4. Бағдарламаларда көзделген көмек кәсіпкерлер ұшін қолжетімсіз

8.5. Қолданылып жүрген бағдарламалардағы құралдардың бизнесті дамыту үшін маңыздылығы төмен

9. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету шеңберінде шаралардың кайсысын пайдалануды жоспарлайсыз?
9.1. Несие мөлшерлемесінің төмендеуі

9.2. Гранттардың берілуі

9.3. Кепілзаттық қамтамасыз етулердің/кепілдіктердің берілуі

9.4. Несиелерді өтеу бойынша жеңілдік кезеңінің берілуі

9.5. Жанар-жағар май материалдарының, тұқымдардың, тыңайтқыштардың бағаларының төмендеуі

9.6. Ауыл шаруашылық техникасын және жабдықты сатып алуға несиелердің берілуі

9.7. Кадрлардың даярлануы

9.8. Өзге шаралар (көрсетуіңізді өтінеміз)
10. Бизнесті бастау үшін Сізге не кедергі болып тұр?