!--- «Талдау» бағдарламасы. IT саласы

Центр устойчивого развития столицы

«Талдау» бағдарламасы. IT саласы


Уақыттың талабына сәйкес үлкенді-кішімізге ІТ саласының тілін меңгеруге тура келеді. Өйткені, өміріміз қазіргі таңда ақпараттық технологияларға байланған. Біз бүгін тұрмысымызға қатысты жаңа әдіс-тәсілдер туралы айтпақпыз.

Безымянный.png

Елорданы тұрақты дамыту орталығы директорының кеңесшісі Архат Кәдірбекұлы атқарылып жатқан жобалар туралы айта өтті:

"Негізгі жобаларымыз аясында мемлекеттік органдармен жұмыс жасаймыз. Олардың жұмысын цифрландыру аясында және Smart Astana, қазіргі таңда Smart City деп те атайды - бұл ақылды қала жобасы, яғни мобильдік жүйені енгіземіз."

Сонымен қатар қызметкерлерді таңдау және тәжірибе бере отырып өзін дамытуға ат салатындығы туралы:
"Бізде негізінен жастар жұмыс жасайды. Бұл жерде университетті бітіріп келген қызметкерлер, тәжірибесіне қарамастан аламыз. Өйткені бұл жерде біз өзіміз үйретеміз. Үлкен мемлекеттік жоғарғы оқу орындарымен меморандум арқылы студенттерді 2-курстан бастап өзіміз үйретіп, маман қылып шығарамыз.
Біздің Қазақстанда ондай платформалар көп жоқ. Ең бастысы - бізде IT-маман жетіспейді. Өйткені олардың барлығын шаблонды, кітап бойынша оқытқан. Практика жүзінде программалау кезінде біз оны қайтадан басынан бастап үйретеміз. Өзіміз де сол қиындықтан өттік. Әрбір жобаны программаны жасаған кезде әрқайсысы жеке бір дипломдық жұмыс немесе кандидаттық жұмыс сияқты болып шығады. Өйткені оны біз өзіміз басынан бастап жасап, соңына дейін қолданушыға жеткіземіз, солай әрбір тәжірибе жиналады".

Безымянный 1.png

Қазіргі уақытта қала бойынша енгізіліп жатырған е-КСК жобасы туралы IT-архитектор Виталий Васильевич атап өтті:
"е-КСК жобасын білесіздер. Осының аясында біз тұрғындарға қалада тұрғын үй мен ғимараттар жөнінде мағлұмат беретін қосымша әзірлемекпіз. Солардың бірі - ғимараттар рейтингісі деп аталады. 45 көрсеткіші бойынша тұрғын үйдің сипаттамасын жасаймыз".

Апаттық жағдайда тұрған үй болады ма, немесе жаңадан тұрғызылған кешен бе, оның коммуналдық жағдайы қандай, қасында қандай бала-бақша, мектеп, емхана бар, демек адамға қажетті ақпаратты жинақтайтын қосымша болмақ. 

IMG_1051.PNG

Осы қосымша туралы директордың орынбасары Ағлен Жұмабайқызы айтты:
"Электронды КСК жүйесі - ол тұрғындар мен КСК арасындағы байланысты жақсартуға, КСКның жұмысын ашық қылуға арналған жүйе болып табылады. Бұл алдыңғы жылдың басында әкімнің хаттамалық бұйрығы бойынша іске асырылып бастаған болатын. Қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша масштабтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, яғни барлық КСК, барлық үйлерге жүйе орнатылып, тұрғындарды сонда жұмыс жасауға үйретіп жатырмыз. Оның бірнеше қолдану мүмкіндіктері бар, яғни бұл жүйе сіздерге портал жүзінде, порталдың мобильді нұсқасы, мобильді қосымша және чат-боттар арқылы жүйені қолдану мүмкіндігін береді".



Источник: http://24.kz/kz/telepoject/taldau/item/218833-taldau-it-salasy 

ИздательствоХабар 24
Дата издания31.01.2018

Проекты по этой теме:

Услуги по этой теме:

Возврат к списку


© Центр устойчивого развития столицы
Разработано в web2print.kz